since 2002

img-24
«ZAAM Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Осы жылдардың ішінде ғимараттар мен имараттардың барлық түрлерін салу және жобалауда көп тәжірибе жинақталды.


Құрылыс нарығында жұмыс істеген сегіз жылда біз  көптеген жобаларды ойластырып, ойдағыдай іске асырдық. Күрделі құрылыс, қалпына келтіру, қасбеттегі жұмыстар, құрылыс материалдарын және қасбет жабындыларын өндіру біздің қызметіміздің негізгі бағыттарына айналды.
Білікті мамандардан құралған біздің команда сіздер үшін салынып жатқан зауыттың және жолдың, кеңсенің, үйдің әрбір бұрышында қайталанбас жағдай мен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Ірі құрылыс жобаларын іске асыру үшін өндірістік процесті нақты ұйымдастыру, біліктілігі жоғары мамандардың ұйымшыл ұжымы және өзіндік өндірістік қуаттар талап етіледі. 

 

Қазіргі сәтте біздің біліктілігі жоғары мамандарымыздың 8 жыл бойы аянбай еңбек етуінің нәтижесінде
біз келесі лицензия түрлері бойынша жұмыс істейміз:

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары -  II санат
  • Жобалау қызметі  – II санат
  • Іздестіру қызметі – II санат

Бізің компания – бұл біздің шағын әлеміміз. Біз өз қолымызбен сапалы әрі төзімді, қауіпсіз және жайлы құрылысты саламыз және  жасаймыз.


Компания жұмыстарды өндірістің негізгі технологиялық процестерін тоқтатпауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен технологияларын қолдану  арқылы жүргізеді. Компания тапсырыс берушінің қалауы бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде орындайды. Құрылыс барысында біз сертификатталған қазіргі заманғы экологиялық таза материалдарды қолданамыз.